- Инструменты
-
Банки
- Банки Казахстана
- Финансовые показатели
- Показатели доходности
-
Страховые компании
- Страховые компании РК
- Финансовые показатели
-
Пенсионные фонды
- Пенсионные фонды РК
- Обзор пенсионной системы
- Финансовые показатели
- Доходность НПФ
- Календарь событий
- Форум
- проекты-BR
- Работа
- Online интервью
«Экономика факультеті»
«Экономика факультеті» айдары «Хабар» Агенттігі» АҚ эфирінде бизнес-жаңалықтар аясында эфирге шығады. Айдар ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалады. Жоба мақсаты – түрлі қаржы құралдары, ағымдағы және келешектегі ахуал туралы баяндау.
2008 жыл
21.11.2008
Сарапшылардың мәліметі бойынша, қор нарығы арқылы Қазақстан экономикасына 30-35 млрд. доллар қаржы тартуға болады. Егер ол толық мүмкіндігінше жұмыс істесе, әрине. Бұл қазақстандық кәсіпорындар мен инвесторларға пайдалы болар еді. Қаржыны қалай дұрыс инвестициялауға болатыны және қор нарығына қатысты басқа да жаңалықтар 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасы аясында «Хабар» арнасынан шығатын «Экономика факультеті» жаңа айдарында.
26.11.2008
IPO-ға қалай дайындалу керек және кімнің көмегіне жүгінген жөн. Қаржы кеңесшісін қалай дұрыс таңдауға болатыны туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» кезекті айдарынан біле аласыздар. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шығады.
28.11.2008
Бес миллион теңгеге дейін – бұл екінші деңгейлі банктердегі тұрғындардың салымдарына мемлекет беретін жаңа кепілдік. Салымдарға кепілдік беру жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» дәстүрлі айдарында әңгімеленеді. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шығады.
03.12.2008
Ұлттық банк 2008-ші жылы инфляция деңгейі 10 пайыздан аспайды деп болжап отыр. Сарапшылар болса, Қазақстан көрші мемлекеттер - Қырғызстан мен Өзбекстанға инфляцияны экспорттап отыр дегенді айтады. Елдегі инфляция деңгейіне қандай факторлар әсер ететіні туралы толығырақ «Хабар» арнасындағы бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарында баяндалады. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шығады.
05.12.2008
Сарапшылардың болжамынша, 2009-шы жылы мобилді банкингті пайдаланушылар саны жарты миллионға жетеді. Әзірге бейресми мәліметтер бойынша, бұл құралды 350 мыңдай қазақстандық пайдаланады екен. Мобилді банкинг жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарында айтылады. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалған.
10.12.2008
Мамандардың есептеуінше, жыл сайын исламдық қаржыландыру жүйесі 15 пайызға артуда. Мәліметтерге сүйенсек, 2013-ші жылы ислам банктерінің активі бір триллион долларды құрайды. Құранға сай қаржыландыру деген не екенін Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарынан біле аласыздар. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалған.
">
12.12.2008
Қаңтар-қазан айлары аралығында сақтандыру нарығында -1 пайыз көлемінде теріс көрсеткіш байқалды. 2008-ші жылдың қандай нәтижемен аяқталатыны қараша-желтоқсанда анықталады. Сарапшылар қазір сақтандыру нарығында мүдделердің қайта топтасуы жүріп жатыр дегенді айтады. Сақтандыру жүйесі және алдағы жылдарға болжанған үрдістер туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарынан көріңіздер. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шығады.
18.12.2008
Алдағы екі жылда Қазақстанда эмитенттер саны 200-ге дейін ұлғаяды. АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Әркен Арыстановтың болжамы осындай. Қор нарығының келешегі және тәуекел-менеджмент деген не екені туралы туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарын көріп білуге болады. Жоба 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында шығады.
19.12.2008
Қазақстанда тіркелген төрт мыңнан астам шағын несие ұйымдарының тек 42 пайызы ғана жұмыс істейді. Қалғандарында тұрғындарға ұсынатын қаржыға жол жабық немесе өз қызметтерін тоқтатқан,-дейді шағын несие ұйымдары қауымдастығындағылар. Келешектегі даму жоспары және шағын несие ұйымдарының қалай жұмыс істейтіні туралы «Хабар» арнасында бизнес жаңалықтар аясында шығатын «Экономика факультеті» айдарында баяндалады.
24.12.2008
Пайлық инвестициялық қорлар өз пайлары бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткізген жоқ. 14-16 пайыздық кірісті тек санаулылары ғана көрді. Негізінен олар ашық түрдегі қорлар. Мұндай кіріс көлемі теңге бойынша депозиттердің орташа пайыздық мөлшерлемесінен аз ғана артық. Ол 13,5% құрайды. Пайлық инвестициялық қорлар туралы толығырақ 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Хабар» арнасындағы бизнес-жаңалықтардан шығатын «Экономика факультеті» айдарында.
26.12.2008
Заңды тұлғалар үшін автосақтандыру бойынша сыйақыларды қайта есептеу. Қаржылық бақылау агенттігі сақтандыру компанияларына осындай талап қойды. Ол 2008-ші жылдың басында енгізілген «бонус-малус» жүйесі туралы заң ережелерінің бұзылуына байланысты болып отыр. Заңды тұлғаға сақтандыру полисін толтырғанда сақтандырушылар оның активінде қанша көлік құралы бар екенін есепке алмайды. Заң бойынша бонус-малус жүйесі жол-көлік апатына қатысы бар көлікке ғана қолданылуы тиіс. Бонус-малус деген не екені туралы 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Хабар» арнасындағы бизнес-жаңалықтардан шығатын «Экономика факультеті» айдарының журналистері әңгімелейді.
30.12.2008
Банк салымдары қазақстандықтар үшін қаржыларын сақтаудың негізгі құралы болып қалуда. Қазақстан Ұлттық банкі дүрлігуді болдырмас үшін елдің банк жүйесін нығайтуға бағытталған мемлекет жұмысын сараптауға кеңес береді. Жүйе құраушы банктерді қаржыландыруға 4 млрд. доллар, стрессті активтер қорын құруға 1 млрд. доллар бағытталады және бұл қолға алынған шаралардың бір бөлігі ғана. Депозит деген не және оны қалай ашуға болатыны туралы 2007-2011 жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Хабар» арнасындағы бизнес-жаңалықтардан шығатын «Экономика факультеті» айдарының журналистері әңгімелейді.