- Инструменты
-
Банки
- Банки Казахстана
- Финансовые показатели
- Показатели доходности
-
Страховые компании
- Страховые компании РК
- Финансовые показатели
-
Пенсионные фонды
- Пенсионные фонды РК
- Обзор пенсионной системы
- Финансовые показатели
- Доходность НПФ
- Материалы
- Форум
- Работа
- "Золотая фишка"
- Online интервью
Капитал әліппесі (№ 3)
25 июля 2008, 17:03
Кіріс козі-бул акшаны кунды кагаздарга тиімді пайдалану, кор нарыгында бизнесті дамыту ушін каржы тарту жоніндегі пайдалы кенестер.
«Кіріс козі» багдарламасын Алматы калалык Аймактык каржы орталыгы усынады
НҰРЛАН АБДУЛЛИН ӘНШІ: Мен жұлдыз жорамал бойынша бикешпін ғой. Ал , бикештер кез-келген іске ұқыптылықпен дайындықпен келеді. Мен бірнеше рет пішіп сосын кесетін адаммын.
Құнды қағаздарды сатып алу, қор нарығының ойынын ойнау ол улкен өнер -дейді Нұрлан Абдуллин. Әзірге әрине бұл салада тәжрибесі жоқ. Бірақ болашақта айналысу жоспарда бар екен.
НҰРЛАН АБДУЛЛИН ӘНШІ: 53 Егер маған жолдарын ұсынып жатса , акцияғ салған ақшам табыс әкеліп жатса... Қазмұнайгаз бар,Қазақтелеком бар дегендей Сыртқа кеткен ақшамыздың елімізде қалғаны дұрыс қой
Құнды қағаз сатып алмас бұрын қор нарығында ақша қалай жұмыс істейтінін түсініп алған абзал. Сонда ақшаны да дұрыстап инвестицияға саласың -дейді өнер иесі. Ақшаға, әсіресе өзіңнің ақшаңа ұқыпты болған дұрыс. Бірақ Нұрлан ақшаға құнығып, немесе немкұрайдылық таныту болмайды. деген пікірде .
НУРЛАН АБДУЛЛИН ПЕВЕЦ: Ақша санағанды ұнатады. Егер оны санамасаң ол өзінің сиқырлы қасиетінен айрылады. Ресейде құнды қағаздардың арқасында жұрт қомақты пайда табады. Бұл табыстың өте жақсы жолы
Уолл-стрит аңызы туралы кітап, өз еңбегімен әлемге аты тараған адамдардың жетістіктерінің тарихын баяндайтын шет елде өте әйгілі жанрға жатады. Уоррен Баффет, Бенджамин Грэхем, Джон Темплтон, Фил Фишер, Томас Прайс бұлар АҚШ қор нарығының тарихында ісі өрге домалаған ең мықты инвесторлар болып есептеледі. Олар құнды қағаздарды сатып аларда міндетті түрде өздерінің таңдау тәсілі мен сараптамаларына сүйенген. Бұл кітапта аталған адамдар жетістіктерінің құпиясы жөнінде ашық және өте тартымды әңгімелейді
Жөндеу жұмыстарын өзің де істесең болады. Бірақ бұл істі маманына тапсырған әлдеқайда дұрыс. Құнды қағаздарға ақша салғанда да осы қағиданы ұстанған жан ұтылмайды. Қаражатыңызды кәсіпқой басқарушыға сеніп тапсырсаңыз біріншіден уақытыңызды үнемдейсіз, сондай-ақ ақшаңыз қор нарығында тиімді жұмыс жасайтынына сенімді боласыз. Қызмет көрсету мәселесіне келсек Қазақстандағы сенім басқармасының тәжрибесі мол. Кез-келген ивестордың ойындағысын орындап қызмет ететін инвестициялық компаниялар аз емес.
ЕВГЕНИЙ ПАН
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Олардың екі мақсаты бар. Біріншіден бар ақшасын сақтап ,көбейту. Одан да ауқымдырағын айтар болсақ қырық жасқа келгенде отбасына,өзіне көбірек уақыт бөліп, демалып, саяхат жасасам дейді. Бұның бәрін сенімдік басқармасы арқылы жүзеге асыруға болады. Мәселен мейманханада қажетті азық түлікті іріктеп алып сосын конағына дайын асты ұсынады. Біздің жұмысымызды да дәл солай елестетіңіз .
Инвестордың асын дайындау үшін оның тәуекелге деген тәбетін білу керек. Тәуекел қаншалықты жоғары болса, соншалықты табысы да мол болмақ.
ЕВГЕНИЙ ПАН
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізге келген адам алдымен қандай тәуекелге бел байлатынын айтады. Соған қарай біз қажетті портфель таңдаймыз. Оған акциялар, облигациялар , мемлекеттік және шет мемлекттер мен эмиттентерінің облигациялары кіреді. Тіпті қазіргі дағдарыс жағдайында да кәсіби басқарушылар қажетті портфель дайындап клиенттердің былайша айтқанда тәбеті шапқан асын әзірлеп береді.
Сенімділік басқармасының бір түрі- пайлық инвестициялық қор. Қор жағынан да Қазақстан кенде емес. ПИҚ-лар бір-бірінен инвестиция салу стратегиясымен және салымның ең аз мөлшерімен ерекшеленеді. Құнды қағаз нарығындағы Инвестициялау тәсіліне «Капитал әліппесінің» келесі хабарында нақты тоқталамыз. Пайлық инвестициялық қорлар және оның табысы, басқарушы компаниялар турасында қосымша ақпараттар www.investfunds.kz. Сайтында.
ЕВГЕНИЙ ПАН
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз аймақтық қаржы орталығындағы арнайы сауда алаңына шамамен 25-50 миллион доллар тартуды көздеп отырмыз
Газ игеру үлкен қаражатты талап ететін бизнес. Осы жұмыспен айналысатын компанияға қымбат құралдар алу үшін ондаған миллион доллар тарту керек. Сондықтан ұзақ мерзімді және арзан ақша үнемі қажет. Шетелдік мұнайгаз компаниясы аталған қаражатты Қазақстаннан тартуды жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда жоспарын Алматы қаласының қаржы орталығындағы арнайы сауда алаңында жүзеге асырмақ.
ГИОРГИЙ МИРЦХУЛАВА
ШЕТЕЛДІК МҰНАЙГАЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мен қаржы орталығы жергілікті компаниялар үшін тиімді деп есептеймін. Өйткені қазір банктерден несие алу өте қиын шаруа. Оның үстіне пайыздық үстемесі де көбейіп кетті. Міне осы жағдайды ескере отырып биржадан ақша тарту тиімді деп айта аламын.
Дамыған мемелекеттерде қор нарығы банктер беретін қарыздарға әлдеқашан балама болған. Бизнесті дамыту үшін биржадан қаражат тарту шарттары мен қарызды беру барысы, банктердің несиелеу жүйесінен айырмашылығы тиімді жағымен ыңғайлы.
ГИОРГИЙ МИРЦХУЛАВА
ГЛАВА КАЗАХСТАНСКОГО ПОДРАЗДЕЛЕНИЯ ИНОСТРАННОЙ НЕФЕТГАЗОВОЙ КОМПАНИИ: Компанияның биржада болуы сапаның белгісі. Компания қызметі ашық, акционерлері де белгілі. Сондықтан инвесторлар қажетті құнын беруге еш алаңдамайды.
Бизнесіңізді дамытуға қор нарығынан ұзақ мерзімді және арзан ақша тартқыңыз келсе, онда халықаралық стандартқа сай қаржылық есеп беру аудитіне дайын болыңыз.
АЗИЗ ТАЛИПОВ
ААҚО ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚР АГЕНТТІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Аудит компанияның қаржылық ісін тәуелсіз бағалау. Егер эмитент қаражатын қор биржасына салғысы келсе , аудит міндетті түрде қажет. Құнды қағаздарын ұйымдасқан нарыққа салу арқылы эмитент өзінің де ісінің де ашық екенін көрсетеді.
Аудит қор нарығынан қаражат тартып жүрген компаниялардың акциясын , облигациясын сатып алушы инвесторлар үшін өте маңызды. Инвестициялық және зейнет қорлары , сақтандыру компаниялары мен банктер , жеке тұлғалар күдікті нәрсеге ақшасын салмайтыны белгілі. Сондықтан қаржылық есеп беру аудиті инвестроларға шешім қабылдап, ақшаларын эмитент -компанияға сеніп тапсыруына көмектеседі. Аудит - қор нарығына кірудегі күрделі де қымбат жолының бірі ғана. Қор нарығында алғаш рет аудит өткізіп, Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының арнайы сауда алаңына құнды қағаздарын орналастырып жатқан компанияларға мемлекет те қол ұшын бермек. Бизнесті дамыту мақсатында осындай компанияларға бірқатар жеңілдіктер қарастырып отыр
АЗИЗ ТАЛИПОВ
ААҚО ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚР АГЕНТТІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:Бұл деген эмитенттерге керемет жеңілдік қой. Яғни эмитент қор нарығында алғашқы қадам жасап жатса оның шығынын агенттік қайтарып береді. Тіпті 14 миллион теңгеге дейінгі шығынды қайтару қарастырылған.
Қор нарығына шығу жолдары туралы мәіліметке «Капитал әліппесінің» келесі хабарында нақтырақ тоқталамыз. Қазақстанның құнды қағаздар нарығы туралы, Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығындағы арнайы сауда алаңы жөнінде қосымша ақпарат www.rfca.kz сайтында.
Добавить в закладки:
- Войдите или зарегистрируйтесь, чтобы получить возможность отправлять комментарии